Қазақстанның 11 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 11 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанның 11 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Қарағанды облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының түнде оңтүстігінде, күндіз орталығында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында екпіні - 15 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында бұрқасын, тұман. Батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Шымкентте тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан