- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның 11 өңірінде...
Қазақстанның 11 өңірінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Жетісу облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні - 23 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні - 23 м/с. 21-22 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан