Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

14 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Солтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, орталықта секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыста, солтүстікте, Абай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. 

Шымкентте оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Қостанайда 14 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні - секундына 23-28 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!