"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 14 наурызда елдің бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады және екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыс бағыттан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 17-22 м/с.
Алматыда кей уақытта тұман түседі. Жол бойында мұзтайғақ.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын, түнде облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!