Қазақстанның 10 өңірінде жаяу бұрқасын, жел, тұманға байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" синоптиктері 27 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. 

Астанада жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында тұман болады.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Абай облысында да жаяу бұрқасын, жел соғады, мұнда да екпіні 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!