Digital Bridge 2023 технологиялық форумында Михаил Ломтадзе Қазақстан кейінгі бірнеше жылда цифрландырудың феноменалды нәтижелерін көрсетіп отырғанын айтты.
"Бұл жай сөз емес қой, - деді ол. - Қазіргі нәтижелер тұрғысынан қарап көріңіздер: қолма-қолсыз төлемдердің таралу деңгейі, мемлекеттік қызметтердің таралу деңгейі, елде бар кейбір бірегей сервистер: құжаттарыңызды мобильді қолданбада алып жүре алсыз, цифрлық форматта кешке кофе немесе шай ішіп, көлікті қайта рәсімдей аласыз, онлайн режимінде бизнес - ЖК тіркей аласыз. Ал қазір үш бизнестің екеуі толығымен онлайн тіркеліп жатыр. Салықтарды онлайн төлей аласыз, әртүрлі анықтаманы ала аласыз және мұның бәрі бірнеше жыл ішінде жасалды, өйткені мемлекеттің қызметтерді қарапайым азаматтарға мүмкіндігінше қолжетімді етуге деген ұмтылысы болды және оны жүзеге асыру үшін өз технологиялары мен платформаларын ұсынуға дайын жеке компаниялар, бизнес болды".
Оның айтуынша, бүгінде әлемде мұның бәрін жасауға болатын елдер өте аз.
"Қонақтар Қазақстанға келіп, 45 секунд ішінде атаулы картаны басып шығаруға болатын мүмкіндік барын көргенде таң-тамаша болып жатады. Бұл әлемнің еш жерінде жоқ. Керісінше, біздің сүйікті клиенттеріміз Қазақстаннан тыс жерлерге кетіп бара жатқанда, содан кейін бізге келіп: "Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын кез келген сияқты ғой, өйткені біз сырт елдерге барып, өткен ғасырға оралғандай боламыз деп жазаты".
Ломтадзе Қазақстан Дұрыс траектория бойынша жүріп келе жатқанын және жаңа индустрияны дамыту керек екенін атап өтті.
"Қазір оның айналасында Kaspi сияқты мүйізі қарағайдай компаниялар бар, сонымен бірге көптеген шағын компаниялар мен стартаптар құрылып жатыр. Қазір мұның бәрін қолдау және инфрақұрылымды дамыту қажет", - деп атап өтті Ломтадзе.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!