Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстердің ашылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Осылайша, Air Astana және Japan Airlines екі авиакомпанияға 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасқан.
"Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды", - делінген хабарламада.
Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!