Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан аймақтағы үш елге жоспарланған рейстердің тоқтатылуын тағы екі айға ұзартуға мәжбүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар ұшақтары Сауд Арабиясына, БАӘ-ге және Катарға 31 шілдеге дейін рейстерді орындамайды.
Әуекомпания тоқтатылған рейстер бойынша жолаушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырғанын және кез келген өзгерістер туралы хабарлайтынын мәлімдеді.
Бұл наурыз айынан бері Қазақстаннан Таяу Шығысқа рейстердің тоқтатылуын төртінші рет ұзарту. Бұған дейін Алматы мен Астанадан рейстер 3 наурызға дейін, содан кейін 30 сәуірге дейін және үшінші рет 31 мамырға дейін тоқтатылған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз