Қазақстаннан шығарылған құндылықтардың арасынан ежелгі өнердің баға жетпес бұйымдары табылды. 12 млн доллар жақын арада Қазақстан үшін табысқа айналады. Бұл туралы "Жібек жолы" телеарнасындағы "Возврату подлежит" деректі фильмінде ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 миллион долларға мүлікке қатысты соттың тиісті шешімі заңды күшіне енді. 11 миллион доллар ақшаны құраса, фирмалық зергерлік бұйымдар, сағаттар мен көліктердің құны 1 миллион доллардан тұрады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл - біздің дәуірімізге дейін жасалған заттар болуы мүмкін. Соған байланысты оларға қандай да бір құндылық беру мүмкін болмаған.
Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанның Бас прокуратурасы АҚШ, Ұлыбритания, Монако, Испания, Италия, БАӘ және әлемнің басқа да елдеріне мүлікті тәркілеу туралы өтініштер жіберді.
"Біріншіден, бұл элиталық жылжымайтын мүліктер, виллалар, қымбат тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер, люкс көліктер, қонақ үйлер, бизнес орталықтары. Бұл – миллион теңгенің, тіпті кейбір жағдайда миллиард теңгенің зергерлік бұйымдары. Біз бағалау жүргізгенде, олардың арасында құны бірнеше жүз, миллион теңге және одан да жоғары болуы мүмкін кейбір брендтік заттар бар. Монополистердің мемлекетке қайтарылуына байланысты 10 мың гектардан астам жер қайтарылды", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Сондай-ақ, ол тарихи-мәдени мұра нысандарын қайтару мәселесіне де тоқталды. Сарапшылар тіпті кейбіріне объективті баға бере алмады.
"Сотқа қатысқан сарапшылардың пікірінше, бұл біздің дәуірімізге дейін шығарылған нәрселер. Сондықтан, тарихи-мәдени мұраның ерекше құнды заттары, мемлекетке қайтарылғаннан кейін біздің мұражайларға тапсырылады", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
2022 жылдан бері Қазақстан шамамен 1,7 триллион теңгенің активтерін, оның ішінде 750 миллион доллардан астамы шетелден қайтарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!