Қазақстаннан Ресейге көліктер қалай әкелінеді?

Қазақстанның кеден қызметі жанындағы Ресей кеден қызметінің өкілдігі Қазақстанға Ресейден автокөліктерді әкелу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының аумақтары - ЕАЭО-ның бірыңғай  кедендік аумағы.

ЕАЭО Кеден кодексінің (ЕАЭО KК) 2-бабы 1-тармағының 47-тармақшасына сәйкес мыналар ЕАЭО тауарлары:

  • ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, ЕАЭО кедендік аумағында толығымен өндірілген;
  • ЕАЭО-ның кедендік аумағында орналасқан, ЕАЭО тауарлары мәртебесін алған, не ЕАЭО-ның КK-қа сәйкес, не ол күшіне енгенге дейін ЕАЭО тауарлары деп танылған тауарлар.

ЕАЭО тауарлары мәртебесі бар көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағы шеңберінде еркін қозғалады.

Қазақстанда Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес, көлік құралдарының кейбір санаттарына қатысты кедендік әкелу баждарының "төмендетілген" ставкалары қолданылады.

Қазақстанда Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғандықтан ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда барынша төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады. Осыған орай, Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелері бар. 

Мұндай көлік құралдары шартты түрде шығарылған және шетел тауарлар мәртебесіне ие. Ресейде тұратын адамдардың мұндай көлік құралдарын Ресейге әкелуіне тыйым салынады.

Кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылып, Қазақстанның аумағында айналымға шығарылған Қазақстанда тұратын тұлғалар және егер осындай жеңіл автокөліктер мен өзге де моторлы көлік құралдары Қазақстанның аумағында көрсетілген мерзімдерде тіркелген жағдайда, басқа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкеле алады. Ол үшін көлік құралдарын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын құжаттары болып, онда кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелерін қолдана отырып, айналымға шығарылғаны туралы белгісі болуы керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!