Қазақстаннан Қырғызстанға кірмек болған күмәнді микроавтобус ұсталды

Қазақстаннан Қырғызстанға құжатсыз кетіп бара жатқан күмәнді микроавтобус ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ыстықкөл облысының "Қарқара-автожол" бақылау-өткізу пунктінде болған.

"Қырғызстан азаматы қандай да бір ілеспе құжаттарсыз ірі көлемде тауарлық-материалдарды (мотоциклдер, киім және басқа да халық тұтынатын тауарлар) кіргізуге тырысқан", - делінген материалда. 

Заңға қайшы әрекетке қатысы бар барлық адамды анықтауға және міндетті салық және басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!