Қазақстаннан Кореяға ұшатын рейстер көбейеді

Қазақстаннан Кореяға ұшатын рейстер көбейеді
Фото: pixabay.com

Алматыда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді.

"Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті. Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан