Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында елімізде биылғы көші-қон жағдайы туралы баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді.
2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады, – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз