Қазақстаннан БАӘ-ге кейбір рейстер тоқтатылды

Қазақстаннан БАӘ-ге кейбір рейстер тоқтатылды
Фото: depositphotos.com/ alex7021

Қазақстаннан БАӘ-ге кейбір рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana

Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақыты едәуір ұзаруына байланысты рейстер уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

"Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігінен тыс орындалады. Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, компания осы мәселеге қатысты байланыс нөмірлерін жариялады:

  • +7 727 244 44 77
  • +7 702 702 44 77
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74.

Wizz Air Abu Dhabi

Әуекомпания Таяу Шығыстағы саяси жағдайға байланысты Астана (NQZ әуежайы) мен Әбу-Даби (AUH әуежайы) арасындағы рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

"Астанадан Әбу-Дабиге соңғы рейс мына кесте бойынша 19 маусымда орындалады: NQZ-дан ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша 15:45-те", - деп жазылған компания хабарламасында.

Әбу-Дабиден Астанаға кері рейсті жоспарлаған жолаушыларға Алматы арқылы балама бағыт ұсынылды. Бұл маршруттан бас тартқан жағдайда билет құны толық қайтарылуы да мүмкін, ол үшін Wizz Air-дің байланыс орталығына хабарласу керек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget