Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды

Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды
Фото: polisia.kz

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды "Нелегал" іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған.

"Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске салайық, кеше, 23 маусымда Қазақстанның 63 азаматына қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 11 азаматқа айыппұл салынғаны хабарланған болатын. Қабылдағыш-дистрибьюторға облыс аумағында құжаттары жоқ 22 шетелдік орналастырылды. Сот шешімімен тоғыз шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Олардың тіркеу мерзімі өтіп кеткен.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Атырау облысында екі жылдан астам визасыз тұрып, құрылыс алаңдарында жұмыс істеген 48 жастағы Түркия азаматын анықтады. Ол бірнеше күн бұрын Оралға туысының үйлену тойына келгенде ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама жасалып, ел аумағынан шығару туралы сот шешімі шығарылды. Ресейдің тағы екі азаматы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина