- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанмен шекаралас қоймадағы...
Қазақстанмен шекаралас қоймадағы жарылыс: 16 адам зардап шекті
Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің Қазақстан шекарасына жақын маңдағы қоймасында болған жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасындағы мәліметтер бойынша, жергілікті уақытпен сағат 05:01-де жедел жәрдем бөлімшесіне Сырдария облысындағы Мәлік кентіндегі жарылыс туралы хабарлама түскен.
"Осы оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария ауданының медициналық бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің төртеуі республикалық жедел жәрдем орталығының Сырдария филиалында бақылауға алынған. Зардап шеккендердің арасында ауыр жарақат алғандар жоғы атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова