Қазақстанмен шекарада тағы да ұзын-сонар кептелісі пайда болды - қырғызстандық БАҚ

Қазақстанмен шекарада тағы да ұзын-сонар кептелісі пайда болды - қырғызстандық БАҚ
Фото: видео кадры/24.kg

Қырғызстан тарапынан Қазақстанға ұзын-сонар жүк көліктер кезегі пайда болды. Видеоны 24.kg басылымына куәгерлер жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен Кант-Шу көпірінде келе жатырмын. Тасжолда 500-ден аса көлік жиналды. Кезек Кантқа дейін созылып жатыр. Себебі, Қазақстан тарапы көліктерді өте баяу өткізіп жатыр. Көптеген тасымалдаушыда тез бұзылатын тауарлар бар", - дейді видео авторы.

Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметі бұл құбылыс маусымдық кезеңге байланысты деп мәлімдеді.

"Ақ-Тілек - Автодорожный" бақылау-өткізу бекеті маңында автокөліктердің жиналуы Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына экспорттың ұлғаюымен байланысты. Бұл жағдай маусымдық кезеңге байланысты. Кейінгі тәулікте Қазақстан шекарасынан 564 көлік өтсе, Қырғызстан аумағына 316 көлік кірген. Қазақстандық шекарашылар тарапынан ешқандай шектеулер жоқ. Қазіргі уақытта кедендік бақылауға небәрі 20 жүк көлігі кезекте тұр, қалған көліктер жол жиегінде тұр", - деп түсіндірді ведомство қызметкері жағдайға қатысты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан