Қазақстанға тыйым салынған затты кіргізбек болған шетелдік ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Қазақстан Республикасына ірі көлемдегі есірткі заттарын кіргізбек болған шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы "Қарасу" өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік ер адам тізгіндеген жүк көлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында өзге тауарлардың арасына жасырылған 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды.

Тәркіленген заттардың "көлеңкелі нарықтағы" құны 6 миллион АҚШ долларынан аса сомада бағаланған.

Есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәркіленген есірткі заттары Ресей Федерациясындағы қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды.

Ресейдің құзыретті органдарымен бірлескен іс-шаралар барысында есірткі трафигінің ұйымдастырушылары құрықталды.

Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!