Қазақстанға Түрікменстаннан контрабандалық темекі партиясын әкелмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұсталған автокөліктің жүк қоймасында жол құжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі кораптары болған.
6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңге. Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялауға болмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!