Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комаға түсті

Қазақстан жайлы теріс пікір айтқан Ресей пропагандисі Тигран Кеосаян өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы оның әйелі Маргарита Симоньян желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маргарита Симоньянның жазуынша, Кеосаян қазір ауруханада жатыр. Ол бұл туралы айтқысы келмесе де, тілшілердің толассыз қоңырауларынан кейін жағдай туралы желіге жариялауға бекінген.

"Мен соңына дейін айтқым келмеп еді. Бірақ тілшілер қоңырау шала бастағандықтан, өзім жазуды жөн көрдім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыт бойы қатты ауырған", - деп жазды жары. 

Ол күйеуінің жақтастарына ол үшін дұға етуді сұрады. 

"Мен Тигранды жақсы көретіндерден ол үшін дұға етуді өтінгім келеді", - деп қосты ол.

Ал Baza басылымы 59 жастағы режиссер әрі тележүргізушінің желтоқсан айының соңында ауруханаға түскенін анықтады. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын. Одан кейін 2010 жылы Кеосаян тағы да жүрек талмасына ұшырады.

Еске салайық, 2022 жылдың 27 сәуірінде Кеосаян Қазақстанға қатысты теріс мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің оның Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешімін келеке еткен болатын. Сондай-ақ ол бұл тыйымға қарамастан және биліктің рұқсатынсыз елімізге келетінін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі оны Кеосаянның балағат сөздерінен кейін енгізгені есімізде. Ол қазақстандықтарды Украинадағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!