Қазақстанға терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдік кірмек болған

Қазақстанға терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдік кірмек болған
Фото: gov.kz

Қазақстанға терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдік кірмек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағымбаевтың мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік органдары төрт террористік актінің алдын алған. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 84 адам сотталған, 44 адам ұсталған.

Сонымен бірге лаңкестік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық алты азамат Сирия мен Түркиядан экстрадицияланып, олардың екеуі сотталған.

"Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берді.

Президент кездесу соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан