Қазақстанға тағы бір ел қылмыскерлерді береді: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстанға тағы бір ел қылмыскерлерді береді: Тоқаев заңға қол қойды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Елдер арасындағы келісім сотталғандарды берудің шарттары мен тәртібін реттейді. Бұл ретте сотталған адам немесе оның заңды өкiлi ерiктi және хабардар етiлген жазбаша келiсiмiн беруге тиiс.

Әрбір тарап беру туралы шешімді өзі қабылдайды және кез келген шешім дәлелді болуы керек. Сондай-ақ құжатта оны орындауға байланысты шығындарды реттейтін ережелер мен шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты тараптар арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәртібі қарастырылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан