Қазақстанға сырттан алма әкелуге тыйым салынды

Үкімет Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесін қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 300 мың тонна алма жиналады.

Ведомство жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлемі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мүмкін болды.

"2024 жылы алма бақтары толық жеміс береді және өнімділік 18%-ға артады деп күтіп отырмыз, бұл ішкі нарықтың қажетін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін жанар-жағармайды Қазақстаннан көлікпен шығаруға тыйым салынғанын жазған едік.
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз