2023 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанға шетелден келгендер саны эмигранттар санынан асып түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сілтеме жасап.
Мұндай жағдай 2014 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Елімізге барлығы 7 700 адам қоныс аударған. Бұл көшіп кеткендрге қарағанда 5000 адамға көп. Оның ішінде ең көбі ресейліктер - 3 900 адам, 1 900-і Өзбекстан, 362-сі Түрікменстан азаматтары екені айтылған.
Бұл ретте Қазақстаннан 2,7 мың адам шетелге кеткен (70 пайызға аз). Ресейге бір жыл бұрынғы 4100 адамға қарағанда 1700 адам ғана кеткен. Сондай-ақ, қазақстандықтар Германияға (501), Польшаға (128), АҚШ-қа (64) қоныс аударады.
Осылайша, Қазақстан үшін көші-қон сальдосы көп жылдардан бері алғаш рет оң көрсеткіш көрсеткен. Соңғы рет оң мәндер 2014 жылдың бірінші тоқсанында (789 адамға көп) байқалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!