Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті келеді

Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді", - делінген хабарламада. 

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!