Ақмола облысында Калининградтан қонаққа келіп, жоғалып кеткен Ресей азаматы өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
1984 жылы туған Станислав Тарасенко 9 маусымда байланысқа шығуды тоқтатқан. Облыстан келген еріктілер іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Ақпаратқа сәйкес, ресейлік Петропавлдағы туыстарына қонаққа барған. Сол жерден Щучинскідегі досына барып, кейін жоғалып кеткен. 14 маусымда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Өлімнің мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!