- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанға қонаққа келіп,...
Қазақстанға қонаққа келіп, жоғалып кеткен ресейлік өлі табылды
Фото:
instagram/volontery_almaty_lider.kz
Ақмола облысында Калининградтан қонаққа келіп, жоғалып кеткен Ресей азаматы өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
1984 жылы туған Станислав Тарасенко 9 маусымда байланысқа шығуды тоқтатқан. Облыстан келген еріктілер іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпаратқа сәйкес, ресейлік Петропавлдағы туыстарына қонаққа барған. Сол жерден Щучинскідегі досына барып, кейін жоғалып кеткен. 14 маусымда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Өлімнің мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы