Қазақстанға келген танымал трансгендер-блогерге шабуыл жасалды

Саяхаттаушы блогер және трансгендер Дэвин Халбал жақында Алматыға келіп, оқырмандарымен кездесу ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесудің алдында блогер өзінің TikTok-парақшасында Алматыда жүргенін айтып, бірнеше видео жариялаған болатын. Онымен кездесуге адам көп жиналды.

Алайда оқырмандарының қолдауымен қатар блогер жағымсыз жайтқа тап болды. Блогер өзінің Instagram-парақшасында оған бетперде киген төрт адам шабуыл жасағысы келгенін айтты.

"Кеше кездесуде маған бетперде киген 4 адам шабуыл жасағысы келді (менің болмысым үшін). Алайда қасымда адамдар болды және оларға кедергі келтірді. Адамдардың жүрегінде ашу бары күлкілі және қорқынышты", - деп жазды Дэвин Халбал.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!