Петропавлда заңсыз кәсіппен шұғылданған Эквадор азаматтары айыппұл төлейді.
Альберто Маралис Чиса мен Эрнесто Агилар Қазақстанда қонақ болудың орнына көшеде ұлттық аспаптарында ән айтып, пайда тапқан. Сонымен қатар әшекей бұйымдар мен дискілер сатып, саудаларын қыздырған. Көші-қон полицейлерінің айтуынша, үндістердің гастрольдік сапары Ақтөбеден басталған. Содан бері қалаларды аралап, өнер көрсетіп келе жатқан дуэт Петропавлда ұсталып, заң алдында жауап берді.
Облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сәдуақас: — Көрсетілген екі Эквадор азаматы Қазақстанның аумағында заңсыз жұмыс істегені үшін қалалық әкімшілік сотының шешімі бойынша 25 АЕК айыппұлға тартылды,-деді.
Дереккөз: 24.kz