Қазақстанға қай елден еңбек мигранты көп келгені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Кейінгі 8 жылда еңбек мигранттарына берілетін квота саны үш есе азайды.
2016 жылы 60 мың квота берілсе, қазір жылына 21 мыңдай беріледі. Ал былтырға қарағанда 0,23 пайызға аз. Бүгінде ел аумағында 14 мыңнан аса шетел азаматы еңбек етіп жүр. Оларға квота бірнеше санат бойынша беріледі. Яғни бірінші санат - басшылар мен олардың орынбасарларына 235 квота бөлінді. Сондай-ақ бұлардың қатарында 1670 құрылымдық бөлімшелер басшысы, 3 648 маман және 437 біліктілігі жоғары маман бар. Бұдан басқа маусымдық жұмыстарға 2000-ға жуық жұмысшы шақырылып, корпоративтік қажеттілік бойынша 1 775 адам шетелден ауысып келді.
Еңбек мигранттарының саны:
"2016 жылмен салыстырғанда квота үш есе азайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігі жоғарылап, шетелдің технологиясын алып, қазір ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып жатыр. Көбі шетелдіктер тау-кен және қаржылық салаларда жұмыс атқарып жатыр", - дейді ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті басқармасының басшысы Мәди Әлжан.
Еңбек мигранттарының саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Биыл шығыстағы көршімізден 2804 адам жұмыс істеуге келді. Ал Қазақстанда еңбек етіп жүрген өзбекстандықтар саны 2 мыңға жуықтады. Сондай-ақ қазір елде 880 Түркия азаматы мен 781 Үндістан азаматы тер төгіп жүр.
Еңбек мигранттары көп келген елдер:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!