Кеше Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Желіде ресейліктер Қазақстанға үдере көшіп жатқаны туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Сондай-ақ, осыған қатысты түрлі әзілдер де пайда болған. Massaget.kz тілшісі әлеуметтік желіде тараған осындай видеолар мен суреттерге шолу жасады.
Желіде тараған суреттердің бірінде адамдардың бұл жаңалықты қалай қабылдағаны көрінеді.
"Путин жалпыхалықтық мобилизация жариялады", - делінген суретте.
Келесі суретте жігіт "бейбітшілікті қолдаймын" деген футболкамен шығады.
Сондай-ақ, Желіде ресейліктер қазақстанға көшіп жатқаны туралы да ақпарат тарап жатыр.
"Таңнан бері мобилизация, референдум секілді жаңалықтар оқып, басыма "Сәлеметсіз бе! Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз..." деген ой келіп жатыр", - делінген Желіде тараған суреттердің бірінде.
TikTok-та осы тақырыпта тағы бір видео жарияланған. Ол 30 мыңнан аса қаралым жинаған, сонымен қатар, видеоға 1000-нан аса пікір жазылған.
@black_series_kz #россия #мобилизация ♬ оригинальный звук - black_series_kz
Видеода Тұрсынбек Қабатовтың әзіл дауысы пайдаланылған.
"Қазақстанға барғым келіп кетті. Әлім жоқ. Қазақстанға қатты барғым келеді", - делінеді видеода.
Бұл видеоға түрлі пікір жазылған, оның ішінде билет жоғын жазғандар да бар.
"Пікір жазғандар арасыңда кілең қонақжай қазақ жиналып қалыпты", "Кеш, билет жоқ", "Бізде аптап, күртешесіз болады", "Билет жоқ деп жатыр ғой", - деп жазған пікір білдірушілер.
Сонымен қатар, мобилизация не екенін түсінбегендерге қатысты да әзілдер пайда болған.
"Мобилизация деген не? Телефон таратып жатыр ма?" - делінген суретте.
Желіде "ресейліктер көшіп жатыр" деген ақпаратқа қатысты кекесінмен жазылған түрлі мемдер пайда болған. Соның бірі shalmustbgone Instagram-парақшасында жарияланған.
Желі қолданушылары бұл жазбаға да түрлі пікір жазған.
"Бізде интернет таудан ғана ұстайды", "Кім бай, соларда екіқабатты киіз үй", "Қазақ тілінде жауап қайтарайық", - дейді пікір білдіргендер.
Ресейде мобилизация жарияланды. Бұл не білдіреді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!