Қазақстан 80 мыңға жуық шетелдік науқасты қабылдады. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, елімізде ұсынылатын қызметтің сапасы жоғары әрі бағасы да қолжетімді.
"Бүгінде 10 отандық медициналық ұйым JCI халықаралық аккредитациясына ие. Қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, медициналық туризмді дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп жатыр", - деді шенеунік.
Еске салайық, бұған дейін шетелдік туристерге Байқоңырға кіру тәртібі жеңілдетілгені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова