1 қарашадағы жағдай бойынша, 15 637 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ келген.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2 пайызы) Өзбекстаннан, 9,2 пайызы - Қытайдан, 8,8 пайызы - Ресейден, 8 пайызы - Түрікменстаннан, 4,8 пайызы - Моңғолиядан және 4 пайызы басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1 пайызы), Маңғыстау (16,3 пайызы), Түркістан (8,7 пайызы) және Жамбыл (6,1 пайызы) облыстарына, сондай-ақ Астана (9 пайызы), Шымкент (6,9 пайызы) және Алматы (5,5 пайызы) қалаларына қоныстанды.
Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 59,6 пайызы, еңбекке қабілетті жастан кіші - 26,7 пайызы және зейнеткерлер - 13,7 пайызы.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16 пайызы - жоғары білімді, 39 пайызы - орта кәсіби білімді, 43,1 пайызы - жалпы орта білімді және 1,9 пайызының білімі жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!