• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанға жұмыс істеуге көбіне қай елдің азаматтары келеді?

Қазақстанға жұмыс істеуге көбіне қай елдің азаматтары келеді?
Фото: Midjourney

1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96,5%-ы.

Шетелдіктер қай салаларда жұмыс істейді?

  • Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 052 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам,
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.

Еңбек мигранттары қай елдерден келеді?

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 945 адам,
  • Үндістан – 1 169 адам,
  • Түркия – 1 165 адам,
  • Өзбекстан – 1 056 адам.

Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2025 жылы жалпы квота 14,8 мың мөлшерінде белгіленді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget