Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу бекеттерінде жалған және бөгде құжаттарды пайдаланатын адамдардың ел аумағына кіруіне жол бермейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, қыркүйек пен қазанда Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталған.
"Олардың басым бөлігі жалған виза және басқа тұлғалардың дерегі көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған. Бұл деректер бойынша құқық қорғау органдары соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері осындай 358 деректің жолы кесілген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!