Алдағы күндері Астанаға Иордания королі II Абдалла мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
5-6 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
5-7 қарашада Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.