Қазақстанға Армения президенті келді

Қазақстанға Армения президенті келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің Әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!