- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанға 35 ірі...
Қазақстанға 35 ірі шетелдік компания көшіп келді
Қазақстанда 2019-2022 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар 35 пайызға өсіп, 15,1 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру мақсатында 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждан босатылып, заттай гранттардан алады", - деді премьер-министр Мәжіліс депутаттарымен кездесуде.
Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының кез келгенін ұсынып, жеке шарттармен Инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ, Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді.
"Мұнай-газ саласына қосымша инвестициялар тарту мақсатында 2023 жылдан бастап Жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді. Бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға релокациялау бойынша жұмыс шеңберінде бүгінде 35 ірі шетелдік компания елімізге көшіп келді. Қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылы тікелей шетелдік инвестиялардың көлемі 28 миллиард доллар. Бұл 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш", - деді премьер-министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!