Қазақстанға 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды

Қазақстанға 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағалап отырады.

Бұл процесс бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі.

Мәселен, биыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина