Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады. Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 миллион теңгеден аса (ҚҚС есебімен) қаржы қайтарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл елдің барлық аймағына әсер етеді. Ең көп сома - 457 миллион теңге, бұл Қарағанды облысының тұрғындарына қайтарылады. Астанада тұтынушыларға шамамен 225 миллион теңге қайтарылады.
"Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындарға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіну ұсынылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова