Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтің 120 түрін алу қиындаған

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтің 120 түрін алуда кедергіге ұшырайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бюрократия көрінісі тек заңнаманы сақтамаумен шектелмейді. Бұған бірқатар себеп пен жағдай әсер етеді. Мысалы, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру ережелері өткен жылдың тамызынан бастап бекітілмеген күйінде қалып отыр. Жалпы мұндай жағдай мемлекеттік қызметтің 26 түрімен байланысты", - деді Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қазақстандықтар кейбір мемлекеттік қызметтің түрін алғанда кедергі тап болатынын атап өтті.

"Мемлекеттік қызметтің 120-дан аса түрін алу кезінде адамдар нормативтік-құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарға тап болады. Бұл білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс, әділет, ішкі істер, қаржы, сауда, туризм және спорт, мәдениет және ақпарат салаларына әсер етеді", - деді төрағаның орынбасары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз