Қазақстандықтарға "Еңбек министрлігінен" жалған ақпарат келген

Белгісіз біреулер фейк парақша арқылы Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жакупованың атынан жеке хабарламалар таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі factcheck.kz-ке сілтеме жасап. 

Liter.kz басылымының мәліметінше, алаяқтар тұрғындардың жеке деректерін біліп алуға тырысып жатыр. 

"Алаяқтар өзге адамның атын жамылып сөйлесіп жатқан адамнан жеке деректерін біліп алуға, алаяқтық әрекет істеуге тырысып жатыр. Осындай жағдайға тап болсаңыз, мұндай хабарламаларға сенбеңіз және жауап бермеңіз, жіберген сілтемесін баспаңыз. Алаяқтар сілтеме арқылы сіздің жеке дерегіңізге ие болуы мүмкін", – деп хабарлады министрлік өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!