Қазақстандықтарға 800 миллионға жуық қаражат не үшін қайтарылады?

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шоттарында 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту кезеңінде не биылғы жыл ішінде (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.

2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157 390 теңгеге тұтынушыларды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді, оның ішінде:

  • Астана қаласы бойынша - 2 279 970 теңге;
  • Алматы қаласы бойынша - 95 405 360 теңге;
  • Шымкент қаласы бойынша - 20 208 830 теңге;
  • Абай облысы бойынша - 13 594 640 теңге;
  • Алматы облысы бойынша - 18 100 470 теңге;
  • Ақмола облысы бойынша - 33 522 870 теңге;
  • Атырау облысы бойынша - 10 698 190 теңге;
  • Ақтөбе облысы бойынша - 37 701 480 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 354 460 650 теңге;
  • Жамбыл облысы бойынша - 15 098 450 теңге;
  • Жетісу облыс бойынша - 6 073 800 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша - 1 187 850 теңге;
  • Қостанай облысы бойынша - 31 998 480 теңге;
  • Қызылорда облысы бойынша - 38 588 600 теңге;
  • Маңғыстау облысы бойынша - 60 948 780 теңге;
  • Павлодар облысы бойынша - 4 128 560 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 24 136 770 теңге;
  • Түркістан облысы бойынша - 23 640 теңге.

Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.

"Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге мүмкіндік беретінін, бұл ретте жылыту маусымында мүмкін болатын артық төлемді алып тастауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бүгінде еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аспаптармен жабдықталу деңгейі шамамен 75 пайызға тең", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!