Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем берілетіні рас па?

Желіде Қазақстанда барлық азаматқа 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем берілетіне туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Онда бейтаныс адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады. 

"Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!