- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы...
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 триллион теңгеден асты
БЖЗҚ шоттарында сақталған зейнетақы жинақтарының көлемі бір жылда 3,07 триллион теңгеге өсті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері қорда қанша ақша жиналғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БЖЗҚ шоттарында сақталған зейнетақы жинақтарының көлемі бір жылда 3,07 триллион теңгеге өсті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері қазақстандықтардың зейнетке шығу үшін қанша ақша жинағанын айтты.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі - 15,8 триллион теңге. Былтырмен салыстырғанда ол шамамен 3,07 триллион теңгеге немесе 24 пайызға өсті.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 23,8 пайызға өсіп, 2023 жылғы 1 маусымға 15,3 триллион теңгеге жетті.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 495,3 миллиард теңге, бір жылда 32,2 пайызға өсті.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 4,2 миллиард теңге, 64 пайыздан асты.
Зейнетақы жасына байланысты төлемдер - шамамен 59,9 миллиард теңге.
Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер - 20,9 миллиард теңге, мүгедектік бойынша төлемдер - 1,1 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 2,3 миллиард теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 8,1 миллиард теңге аударылды.
Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 101 теңге болса, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 742 692 теңге. Еске салайық, былтыр БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 360 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек