Биыл қарашаның қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да 14 триллион теңгеден асқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 7,8 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, жинақтаудың барлық түрі бойынша өсім байқалған: міндетті зейнетақы жарналары бойынша өсім 7,4 пайыз, міндетті кәсіптік жарналар бойынша - 20,9 пайыз, ерікті жарналар бойынша - 90,6 пайыз болды.
Жалпы, қазақстандықтардың зейнетақы жинағы кейінгі он жылда 4,5 пайызға көбейген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!