- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтардың Украинадағы...
Қазақстандықтардың Украинадағы әскери қақтығысқа қатысуы: ҰҚК істі тергеп жатыр
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың Украинадағы әскери қақтығысқа қатысуы туралы істерді тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі өкілдері растады.
"Қазір ҰҚК-нің тергеу бөлімшелері Қазақстан Республикасы азаматтарының Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қатысуы бойынша 10 қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство қазақтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі негізінде соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.
Қазақстанның қылмыстық кодексіне сәйкес, шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқандар бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек