Қазақстандықтардың шетелдегі депозиттерінде қанша миллиард қаржы бары анықталды

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері Қазақстан азаматтарының шетелдегі депозиті туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, қазақстандықтардың шетелдегі банк шоттарында ең көп сома Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сингапур және Швейцарияда сақталған.

"Кірістер мен мүлік туралы декларацияда 2021 жылғы 31 желтоқсандағы дерек бойынша, 354 жеке тұлғаның шетел банктерінде банк шоты бар. Оның ішінде, 138 жеке тұлға - лауазымды тұлғалар. Ақшаның жалпы сомасы - 529 132 842 427 теңге. Шетелдік банктердегі ең көп сома БАӘ - 308 миллиард теңге, Сингапур - 158 миллиард теңге және Швейцария - 36 миллиард теңге бар", - делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!