Қазақстандықтардың саны қашан 20 миллионға жетеді?

Биыл қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі - халық саны 19 967 964 адам. Оның ішінде қала тұрғындары - 12 387 957 адам, ауыл тұрғындары - 7 580 007 адам.

Жыл басынан бері халық өсімі - 201,1 мың адам: 1,02 пайыз.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06 пайыз) мен Алматы (2,28 пайыз) қалаларында және Маңғыстау облысында (1,94 пайыз) болды.

Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деп болжанып отыр.

Халықтың табиғи өсімі есебінен, яғни туу және қайтыс болу деректерін ескергенде, халық саны 194 753 адамға өсті. Көші-қон өсімі есебінен халық саны 6 404 адамға көбейді.

Аяз Есен 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!