Қазақстандықтардың паспорты eGov mobile қосымшасында электронды түрде қолжетімді болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Цифрлық құжаттар" - eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінде қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.
Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, бүгінгі күні паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді - бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік", - деді цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!